2020 жылдың 10 қарашасында ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК да Табиғат музейінің ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдерге арналған  «Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар» атты балалар сурет  көрмесінің   байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері қатысушыларды көркем шығармашылыққа баулу, патриоттық сезімдерге тәрбиелеу және балалардың назарын жануарларды қорғау мәселелеріне аудару, өскелең ұрпақ арасында табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру болды.

Көрмеге «Ғылым ордасы» РМК бас директорының міндетін атқарушы  Н.Б Сейдін қатысып, құттықтау сөзін сөйледі.

Көрмеге сондай-ақ Алматының және Қазақстанның басқа аймақтарынан: Шымкент; Астана, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының мектептерінің көркем сурет студиялар оқушыларынан 76 шығармашылық жұмыс(сурет) қатысты.

Балалардың қай қайсының жұмысы да өзінше бір қызықты тың идеяларға толы болды. Музейдің палеонтологиялық залында келушілерге арналған балалар шығармашылығының көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК-ың дипломдарымен және құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.