Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдарының жүйесінде              Білім және ғылым министрлігі жүйесі қызметкерлерінің  белсенділігі  мен кәсіби өсуін ынталандыру мақсатында «Айдың үздік қызметкері» байқауы өткізіліп тұрады.

Осыған байланысты, 2020 жылдың 9 қарашасында «Ғылым ордасы» РМК да Кәсіпорын бөлімшелерінің қызметкерлеріне –«Айдың үздік қызметкері» байқауының  қатысушыларына  алғыс сертификаттары табысталды.

Салтанатты рәсімде «Ғылым ордасының» өз ісінің кәсіби шебері  деп танылған  8 қызметкері  марапатталды. Оның ішінде  әртүрлі саланың қызметкерлеріде бар

Рәсімді «Ғылым ордасы» РМК ның  бас директорының міндетін уақытша атқарушы  Н.Б.Сейдін  ашып, марапат алушыларды  құттықтап, алғыс хаттар табыс етті. Ол өз сөзінде Кәсіпорын қызметкерлеріне жоғары кәсіби шеберлігі  мен  белсенділігі және  қажырлы еңбегі үшін  байқауға  қатысушыларға алғыс білдіріп, әрі қарайғы шығармашылық  табыстармен сәттілік  тіледі.

Сонымен қатар,  бұл үрдіс келешектеде   қызметкерлерді ынталандыру мақсатында  жүйелі түрде  жалғаса беретіндігі жөнінде  мәлім етті.