2020 жылдың 4 қарашасында  «Ғылым ордасы» РМК  Сирек кездесетін кітаптар музейінде  «Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, онда  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Атамекен Тарихи мәдени орталығы» қорынан жәдігерлер  қойылды.

Көрменің басты мақсаты –Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі егемен мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау,тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың жанқиярлық іс-әрекеттерін көрсету, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың дана саясаты мен ерен  еңбегінің  арқасында  еліміздің жетістіктері мен рухани қайта құруларын кеңінен насихаттау.

Көшпелі көрмеде Қазақ хандығы дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының бостандығы мен тәуелсіздігі  үшін саяси күрес туралы кітаптар мен Алаш өкілдерінің өмірі туралы кітаптар ұсынылды.

Көрмеде жоғарыда аталған  әдебиеттерден басқа «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы қорында  Тұңғыш Президент- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке заттары, кәдесыйлары және басқада құнды экспонаттары сақталған. «Тәуелсіздік мәңгілік елдің тұғыры» көрмесі  музей келушілерінің назарына 2020 жылдың 04-13 қарашасы  аралығына дейін  ұсынады.