Қазіргі кезеңде Қазақстан бәсекеге қабілетті   әлемнің 30 озық елінің қатарына қосылуды   стратегиялық міндет ретінде таңдап отыр. Ол  үшін экономикалық өркендеумен қатар, бізге  әлемдік жаһандану үрдісінің тасқынына төтеп  бере алатындай асқақ рух қажет.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағадарламасының аясында өткен тарихымызды жаңғыртып, рухани  мұраларымызға айрықша көңіл бөлінуде. Осының бәрі ел болашағы үшін жасалып  жатқан игілікті қадамдар. Әсіресе, жас ұрпақ  бойына ұлттық мәдени сананы қалыптастыру   үшін, бірінші кезекте ұлы тұлғаларымыздың  еңбектерін кеңінен насихаттауымыз керек.  Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар –Рухани жаңғыру» бағдарламасы ұлтымыз-дың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі  мақсаттары көрсетілген. Атап айтқанда:  рухани және мәдени құндылықтарымызды  сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30  елдің қатарына ену. Осы мақсаттарға жету   жолына бағытталған жобалар бағдарламада  толық көрсетілген.  «Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы  жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің    негізінде білім алуға мүмкіндік беруге, білім   саласын арттыруға және ұлттың өзіндік сана- сезімі мен оның тілін дамытуға бағытталған.

Туған мәдениетіміздің ежелден келе  жатқан өзекті саласының бірі – кітап. Қазақ  баспа кітабының тарихы ХІХ ғасырдың бас    кезінен зерттеу үшін маңызы өте зор. Бұл кітаптар тарихи деректерді, архив қазыналарын   толықтырып, қазақ халқының саяси, мәдени   өмірінен құнды мағлұматтар береді. Өзге   озық жұрттардікіндей жүйелі жолға қойылған  баспасы болмаса да, орасан қиындықтарға,  кедергілерге қарамастан, қазақ баспа кітабы дүниеге келді, қазақ енді тыңдаушы ғана    емес, оқушы бола бастады, тұңғыш қазақ баспа репертуары қалыптасты.

ХІХ ғасыр, әсіресе оның екінші жартысы   қазақ топырағында ағартушылар қозғалысын туғызды. Саяси, әкімшілік тізгінінен  айырылған «жетім жұртқа» ендігі бас-көз   сол ағартушылар еді. Қазақ ағартушылары   ешқашан қазақты бөле жармаған, рулық я  таптық жікке бөлшектемеген, жекелемеген.   Ағартушылар – Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және алаш зиялыларының   бас болып, қазақ халқын ортақ саналы  ұлт  дәрежесіне көтере түсу бағытында жандарын  салып еңбек етті.  1917 жылға дейін барлығы бір мыңнан   астам қазақ кітаптары (қайта басылуларын   қосқанда) жарық көрген. Олардың таралымы орта есеппен бес-алты миллион болды.    Халқымыздың сан ғасырлар бойы жиналған   ауыз әдебиетін – ертегілер мен дастандарын,  қиссалары мен айтыстарын, мақал-мәтелдерін   ұқыпты жинап, қағаз бетіне түсіріп, ғылыми   жүйеге салып, басып шығаруда озат ойлы  адамдар ат салысқан.

Қай елде болмасын кітап шығару ісінің   қалыптасуы қоғамның дамуымен, оның   экономикалық, саяси, мәдени және рухани   қажеттіліктерінің өсуімен мейлінше тығыз  байланысты. Басқа да халықтар сияқты, қазақ  халқы өзінің сан ғасырлық рухани мұрасын  еселеп арттыра отырып, дүниежүзілік тарихи  үдеріс арнасына барған сайын көбірек тартыла берді. Баспа ісінің тарихын зерттеу кезінде біз кітапқа екі түрлі көзқарас тұрғысынан  қараймыз: кітап адамзат қоғамының рухани   мәдениетінің айқын көрінісі және оның дамуын ықпал ететін маңызды фактор болып  табылады. Сөйтіп кітапты нақты тарихи  қоғамның мәдени жағдайын көрсететін айна  ретінде қарастыра отырып, қоғамның ілгері дамуына белсенді әсер ететін күш екенін

анықтай келе, бізге кітаптың тарихи дамуы  мәселелерін зерттеуді оны әртүрлі қырынан  қарастыруға тура келеді.   Өзінің мән маңызы бойынша оқу  әдебиеттер әр кезеңде ерекше орын алады.  ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас  кезінде қазақ интеллигенциясының қалыптаса

бастағаны мәлім. Петербург, Омбы, Қазан,  Уфа, Орынбор, Троицк т.б. қалаларда оқып,  мұсылманша немесе орысша білім алған қазақ   жастары шыға бастады. Ағартушылық ісі ол  кезеңдегі қазақтың әлеуметтік тіршілігінде ең  қажетті ең игілікті әрекет болатын.

«Қазақ тілінде 100 жаңа оқулық» жобасы   жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің   негізінде білім алуға мүмкіндік беруге, білім   сапасын арттыруға және ұлттың өзіндік сана-сезімі мен оның тілін дамытуға бағытталған. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда,   «біздің әлеуметтік және гуманитарлық  біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен  қарауға мәжбүр болдық». Міне, осы шектіліктен арылу үшін, тарих, саясаттану, әлеуметтану,

философия, психология, мәдениеттану және  филология саласы бойынша әлемнің ең үздік  100 оқулығын қазақ тіліне аудару ұсынылып   отыр. Бұл бағдарламаның нәтижесі 5-6 жылдан соң кітаптар студенттердің қолына тигеннен кейін өз жемісін бере бастайды, сол кезде  отандық жоғары оқу орындарының түлектері   халықаралық еңбек нарығында бәсекеге төтеп

бере алатын болады деп күтілуде.  Баланың қай салаға бейім екенін мұғалім  дөп басып таныса және оны оқушының ата-анасы қолдап жол көрсетсе, қабілетін бала  жастан ұштап дамытса, болашақта оның өз  қалауы бойынша таңдау жасайтыны сөзсіз.

Мамандық таңдау бір күндік немесе бір  жылдық нәрсе емес, ол өмірлік азық. Сол  себепті мектеп кезінен бастап оқушының   қабілет-мүмкіндігін танып, шыңдау ондай  келеңсіздіктің алдын алуға негіз болмақ.  Болашақтың жастары да, тәлімгер-оқытушылары да білім мен интеллектісі

жағынан бүгінгіден анағұрлым озық болуы  тиіс. Болашақтың ұстазы өзін-өзі жан-жақты  жетілдірген, білімге деген қызуғышылығы мол  және сол білімін өмірде қолдана алу икемін  шәкіртінің бойына сіңіре отырып, жаһандық  білім көшіне ілесе алатынымен ерекшеленуі  тиіс. Қорыта айтқанда, болашақтың біліміне  инноватор-оқытушы  ғана жол сала алады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы. – 12 сәуір 2017 жыл.

https://www.akorda.kz/kz/events/akorda_news/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-                    zhangyru-atty-makalasy

2.«Казахстан в новой реальности: время действий». Послание Главы государства Касым-Жомарт

Токаева  народу Казахстана. Казахстанская правда. 2 сентября 2020. (No166).

3.  Сәбден О. Өркениет және қоғамды жаңғырту ілімі. «Жас Алаш» газеті. – 2020жыл, 7 шілде.

4.  Мамбетқазиев Е. Болашақтың біліміне инноватор-оқытушы ғана жол сала алады. «Жас алаш» газеті.             – 2020ж., 9 шілде.

5. Барманкулов М.К. Тюркская вселенная. – Алматы: «Білім», 1996. – 240 с.

6.  Дербісәлиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Тарихи-философиялық зерттеу. –Алматы: «Рауан»,

1995. – 237 б.

7.   Жиренчин А. Из истории казахской книги. – Алматы: «Қазақстан», 1971. – 180 б.

8.  Мамажанов М. Асыл мұра. Кітап-даналық қазынасы. – Алматы: «Талант», 1998.– 186 б.

9.Субханбердина У. Қазақ кітабының шежіресі 1807–1917. Библиографиялық көрсеткіш. –Алматы:                       «Рауан», 1996.

10.Ысқақұлы Д. Сын талқы. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. – 416 б.

11.Шалгумбаева Ж. История казахского книгоиздания: фольклор, художественная литература и их                           цензура (ХІХ-начало ХХ вв.).– Автореферат диссер. на сосиск. канд. ист.наук. – Алматы, 1996.

 

Бекішев Әбдіғали,

РМК «Ғылым ордасы» Сирек кездесетін  кітаптар музейінің қор сақтаушысы,

Алматы қаласы.