«Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар музейі  2020 жылдың 4 қарашасында сағат 11.00-де «Тәуелсіздік − мәңгілік елдің  тұғыры» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанатын  өткізеді.
Көрмеде ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени  орталығы қорынан алынған жәдігерлер қойылады.
Шамалғаннан келген жылжымалы көрмеде ежелден еркіндікті аңсап,  азаттықты көксеумен келе жатқан еліміздің тарихын баяндайтын қазақ  хандығы кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі алаш қайраткерлерінің саяси күресі  туралы кітаптар, Елбасына сыйға берілген домбыра, күнтізбе,  сертификатымен бірге кәдесыйлық табақ, Израиль Премьер-министрі  Э.Барактан Иерусалим қаласы бейнеленген қалам салуға арналған құрал,
швейцариялық қол сағат және т.б. құнды жәдігерлер қойылады.
Көрменің басты мақсаты: Ата бабамыздың тәуелсіздік жолындағы  ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет  ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, тұңғыш Президент
Н.Ә. Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің  жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту.
Жылжымалы көрмені 2020 жылдың 4-13 қараша аралығында  тамашалай аласыздар.

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі 28 үй, «Ғылым  ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар музейі, 1 қабат.
Өтетін уақыты: 4 қараша 2020 ж. сағат 11.00-де.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға
хабарласуларыңызды сұраймыз: Тел.:. +7 (727) 300-32-25; 300-50-71.