2020 жылдың 23 қазанында  сағат 11 00 де    Ш. Уәлиханов атындағы  Тарих және этнология институты мен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві   «Цинская империя и Казахские ханства. Вторая половина XVIII- первая треть XIX вв» ( құрастырушылар: К.Ш.Хафизова,  В.А. Моисеев) архивтік құжаттар жинағының тұсаукесерін өткізді.

Модератор ретінде ҚР БҒМ  ҒК  Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология  институты директоры,  ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы  іс-шараның барысымен таныстырып, ашылу сөзін сөйледі.

Сонымен қатар,  виртуалды архив көрмесі арқылы ҚР Орталық мемлекеттік архивінің қызметкері  Джунусова Елена Николаевна  «ҚР Орталық мемлекеттік архивінде тарих ғылымдарының докторы, профессор,синолог, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары  академиясының академигі К.Ш. Хафизованың құжаттық мұрасы»  атты баяндамасында Клара Шайсұлтанқызының  монологтарымен қытай  дереккөздерінен   аударылған әртүрлі еңбектерін таныстырып өтті.

Хафизова  өз сөзінде:  Бұл еңбегінің 30жыл бұрынғы өзінің кандидаттық диссертациясының негізінде жазылғанын және   негізгі дереккөздерді қытайдың  императорлық  кітапқорларынан  алынғанын айта кетті.

Жинаққа қытай, түрік және орыс тілінен алынған қазақ билеушілерінің Қытайлық Цинмен XVIII-XIX ғ.30 жылдары арасындағы қарым-қатынасы тарихы бойынша құжаттар енген. Бұл құжаттарда далалықтардың Цин империясымен алғашқы байланыстарынан бастап Қазақстанның Ресей құрамына енуіне дейінгі оқиғалар көрініс тапқан. Құжаттардың түпнұсқалары алғаш рет «Қызмет бабында пайдалану үшін»деген құпиялылығымен 1989 жылы аздаған тиражбен жарық көрген еді. Екінші қайта өңделген басылым бойынша К.Ш. Хафизова және институт ғалымдары үлкен жұмыстар атқарды. Қайта басылып,толықтырылған, сирек кездесетін бірегей құжаттар жинағы

Жинақ Қазақстанның халықаралық қатынастар бойынша кеңесінің қолдауымен қайта басылды.

Тұсаукесерге шетелдік  және  отандық ғалымдарымызбен  мемлекет  қайраткерлері,  доктаранттар мен магистранттар  қатысты, атап айтар болсақ,  Ш.Ш Уәлиханов атындағы Тарих  және этнология  институтының  бас ғылыми қызметкері,  тарих ғылымдарының докторы профессор  Әбдіров Мұрат Жеткергенұлы,  PhD,қауымдастық  профессоры Азия және Африка  тілдері мен мәдениеттері ғылыми зерттеу институтының және  Токио шет тілдер университетінің  профессоры   Нода Джин, Орталық Азия дипломатия қоғамының Төрағасы Нарысов Серік Жұматайұлы,  «Астана» халықаралық ғылыми кешені Қытай және Азия зерттеулер орталығының  жетекшісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Кожирова Светлана Басиевна және тағы басқалары  қатысты.