2020жылдың  23 қазанында ҚР  БҒМ  ҰҒК  «Ғылым ордасы»  РМК Әдеп жөніндегі уәкіл  Нұрлан Сейдін кәсіпорын қызметкерлерімен қызметтік әдеп нормаларын түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылықтардың алдын-алу бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Ғылым ордасы» РМК қызметкерлері үшін сыбайлас  жемқорлықтың алдын алу және жұмыс тобында этикалық ережелерді  сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қажетті қолданыстағы заңнамадағы құжаттардың негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әдеп жөніндегі уәкіл өз сөзі аясында ағымдағы жылдың қазан айында «Ғылым ордасы» РМК –нің әр құрылымдық бөлімшесінің үздік қызметкерлерін анықтау және көтермелеу мақсатында «Айдың үздік қызметкері» байқауын өткізу туралы ереже бекітілгенін атап өтті.

Іс-шараны қорытындылай келе, әдеп жөніндегі уәкіл осындай кездесулерді  жүйелі түрде өткізу қажеттілігі туралы айтты.