2020 жылғы 20 қазанда ҚР  БҒМ  ҚН «Ғылым ордасы» РМК да Әл-Фараби атындағы  Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлық – бұл ғалымдар мен техниктердің қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегінің ең жоғары дәрежеде  танылуы. Сыйлыққа алты жұмыс ұсынылды.Алдын ала іріктеу қортындысы  бойынша 3 жұмыс екінші кезеңге өтті.

Отырыс қортындысы Комиссия 2020жылы Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың тағайындалуына арналған жұмыстардың тізімін бекітті.

Бекітілген жұмыстар тізімі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың қарауына жіберіледі.