img_5466Алматыдағы «Ғылым ордасында» Қазақ­стан Республикасы Ұлттық ғылым ака­демия­сының 70 жылдық мерейтойына және көр­некті ғалым, ҚР Ұлттық Ғылым ака­де­миясының президенті, академик Мұрат Жұры­новтың өмір жолы мен ғылыми шығар­машылығына арналған «Ғылым сардарлары» клубының кезекті отырысы өтті. Оған еліміздің жетекші ғалымдары мен ҚР ҰҒА академиктері, ғылыми-зерттеу инсти­туттарының жетекшілері, ЖОО ректорлары мен профессорлары, жас ғалымдар қатысты. Сөз сөйлеген академиктер Б.Әбсадықоов, К.Нәрібаев, Х.Әбжанов, Ж.Арзықұлов және басқалар Мұрат Жұрынұлының ғалымдығына, қайраткерлігіне, азаматтығына қатысты жылы лебіздерін білдірді.
Салтанатты шара барысында «Ғылым ордасы» РМК ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдық мерейтойына арналған фотокөрменің тұсаукесер рәсімі өтті.
Көрмеде отандық ғылымның даму кезеңдері бойынша фотолар ұсынылды: «ҰҒА құрылу кезеңі­нен үзінділер, оның алғашқы мүшелері», «Ұлттық ғылым академиясының бірінші президенті», «Ғылыми-зерттеу институттарының алғашқы басшылары», «Ұлттық ғылым академиясының академиктері» деген тақырыптарда фотолар қойылған ҚР Ұлттық ғылым академиясының 70-жылдық мерейтойына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

http://anatili.kazgazeta.kz/?p=40148