Құрметті қонақтар!

Бас директор блогыБіз сіздермен «Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғаламтор желісіндегі веб-сайтында қауышқанымызға өте қуаныштымыз!
Ғылым ордасының ресми сайты – аталған кәсіпорын қызметінің басты ақпараттық көрсеткіші тұрғысында өте құнды ғылыми және мәдени-тарихи ақпараттармен қамтылған деректік база негізінде құрылуымен қатар, тың ғылыми идеялар мен жобаларды жүзеге асырудың алғашқы бастамасы болмақ.
Сайттың негізгі мақсаты – сан-алуан мәліметтерге толы ғылым әлемін барынша танып-білуде бағыт сілтей отырып, Сіздерді біздің құрылымдық бөлімшелердің қызметтерімен, жаңалықтарымен, түрлі іс-шараларымен, алдағы жоспарларымен кеңінен таныстыру.
Біз ғаламтор желісіндегі веб-сайтымыздың заманауи талаптарға сай жаңа қосымшалар мен түрлі қызметтерді енгізе отырып, жаңартып, жетілдіру тұрғысында үздіксіз жұмыс істейміз. Мұндағы басты мақсатымыз да ғаламтор пайдаланушылары үшін сайт қызметінің қолжетімді және қызықты болуын қамтамасыз ету.
Ғылым ордасының сайты қажетті ақпараттарды іздестіруде көмекші құрал ретінде Сіздерді Қазақстан ғылымының іргелі жетістіктерімен жақынырақ таныстыра отырып, келешекте сіз бен біздің өзара тиімді ынтымақтастығымыздың бастамасы болады деп үміттенеміз.

“Ғылым ордасы” РМК бас директоры Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

Хат жолдаңыз

Атыңыз (міндетті)

Email (required)

Хат тақырыбы

Сіздің хатыңыз